Басы дауға қалған боксшы Жанқош Тұраровтың адвокаты спортшыны айыптаған қызды сотқа беретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әнаруды сотқа беру үшін соталды тергеу ісі аяқталуы керек. Себебі қазір оны сотқа берсек те, соталды тергеу ісінің аяқталуын күтуіміз керек. Одан кейін біз сотқа береміз", - деді ол журналистерге өткізген пресс-конференцияда.
Сондай-ақ ол есірткі мен ішімдікке қатысты тест тапсырылғанын айтты.
"Құқығымыз бірдей, сондықтан тек жәбірленушінің сөзі, не желіде тараған ақпаратқа сүйеніп оны күдікті деп тануға болмайды. Іс бойынша дәлелдемелер жиынтығы болуы керек. Сараптамалар, бейнежазбалар болуы керек. Соталды тергеп-тексеру басталды, сараптамалар тағайындалды. Психотропты, алкогольге қатысты тест тапсырылды, бәрі таза деп көрсетілді", - дейді ол.
Еске салайық, Қалдыбек Құрманәлі "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында өмірінде бірнеше рет ғашық болғанын, өзі сүйген қыздардың бірнешеуінен ұрпақ сүйгенін айтқан болатын.
Әнару Құрманәлінің желідегі парақшасында Қалдыбек Құрманәлі мен Ақмаржан Таубаеваның бірге түскен суреттері жарияланғанын байқауға болады.
Әнару Құрманәлінің анасы Ақмаржан Таубаева 2016 жылы өмірден өткен. Әнару Құрманәлі де жақында берген сұхбатында анасының өлімі жанына қатты батқанын айтқан еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!