Жанқош Тұраров тағы бір қызды зорлап, жүкті қылып қойған деген күдікке ілінді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров тағы да бір қызды зорлады деген күлікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жанқош Тұраров 2014 жылы тағы бір қызды қонақ үйге апарып, сусынға дәрі қосып беріп, арам ойын жүзеге асырған екен. Ол қыздың боксшыдан бір қызы бар боп шықты. Бұл жағдай Тұраров үйленбей тұрғанда болған. Келіншектің өзі шықты бізге. Барлық жағдайын айтып, Әнаруға қолдау білдірді. Бұдан бөлек, 2006 жылғы бір қызды да дәл осы әдіспен құрығына түсірген деген мәлімет жетті. Тек қыздың кім екенін әзірге анықтай алмадық", - деп жазды ол.

Адвокат біраз мағлұматтарды тергеу аяқталғанша, жариялай алмайтынын ескертті.

"Тергеу құпиясын білесіздер. Алдағы уақыттарда баспасөз конференциясын өткізетін шығармыз. Әзірге сұхбат, бағдарламаларға шақырудан бас тарта тұруға тура келіп тұр. Түсіністікпен қарайды деп сенеміз! Жанашырлық танытып, қыз тағдырына бей-жай қарамай, жақсы лебіз білдіріп жатқан өздеріңізге, көмек қолын созып жатқан журналистерге, Әнарудың құрбы, достарына мың алғыс!", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!