Қазақ кәсіпқой боксшысы Жанқош Тұраров 21 шілде күні АҚШ-та 22-ші жекпе-жегін өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы – аргентиналық боксшы Бруно Леонардо Ромэй.
29 жастағы аргентиналық боксшы осы уақытқа дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңында 25 кездесу өткізіп, оның 21-де жеңіске жетсе, 18 кездесуде қарсыласын нокаутқа жіберген. Соңғы рет ол 2015 жылдың мамыр айында Райан Янгтен ұпай айырмасы бойынша жеңілген. Ал соңғы кездесуінде 2017 жылдың 14 мамырында отандасы Мартин Алехандро Куроскиді жетінші раунда нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен екен.
Жанқош Тұраров соңғы рет мамыр айында жекпе-жек өткізген еді. АҚШ-та өткізген кездесуінде мексикалық Густаво Гарибайды үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) жаңарған рейтингінде 10-орында тұр.