Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс депутаты Анас Баққожаевтың даулы мәлімдемесіне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Депутаттың бұл позициясына қатысты пікір білдіре алмаймын. Әрбір адам, оның үстіне депутат өз пікірін айтуға құқығы бар. Бірақ жалпы депутаттардың арасында бұл мәселеге қатысты қалыптасқан пікір бар. Қазір (заңға) енгізіліп жатқан шараларды қолдайтын көптеген депутаттың ұстанымын білемін. Сіздер (отбасының шырқын бұзатындарға жауапкершілікті күшейтуге қатысты) заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленгенін білесіздер. Оның (Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев) ұстанымын тыңдап ескердік... Ол өмірде болған жағдайды немесе нақты бір (адамды) айтқан болуы мүмкін", - деді Игорь Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Еске салайық, Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев "отбасындағы жанжал тілі ұзын әйелден шығады, сондықтан ерлерді де түсіну керек" деп мәлімдеме жасаған еді. Оның пікірі қоғамда қызу талқыланды.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз