• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Жанжал шығарған әйелді Ақтау-Баку рейсінен түсіріп тастады

Жанжал шығарған әйелді Ақтау-Баку рейсінен түсіріп тастады
Фото: depositphotos.com

Ақтау әуежайында құқық тәртібін бұзғаны үшін мас жолаушы Ақтау-Баку рейсінен түсірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға Ақтау қаласының әуежайында ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде болған.

49 жастағы қала тұрғыны мас күйде болып, әуежайдың тексеру қызметінің инспекторына балағат сөздер айтып, ескертулерге құлақ аспаған.

"Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны ұстап, оған қатысты алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері 53-ке жуық ұсақ бұзақылық фактілерінің жолын кесті. Бұл деректердің барлығында құқықбұзушылар заңға немқұрайлы қарап, қоғамдық тәртіп пен басқа азаматтардың тыныштығын бұзған. Түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейстерінен 54 жолаушы түсірілді, оның ішінде 31-і қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова