Танымал актриса Жания Джуринская қызының тұсаукесеріндегі видеосын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видеоны ол Instagram-парақшасында бөлісті.
Жолың ақ болсын, балам. Өмірің ойын-күлкіге толы болсын және осы видеодағыдай айтқаныңнан таймайтын бол. Бәрін істеуге рұқсат, анаң мен әкең жаныңда", - деп жазған ол.
Желі қолданушылары балапанды қадамымен құттықтап, пікір қалдырған.
"Бауы берік болсын", "Құтты болсын", "Жолы ақ әрі жарқын болсын", "Мұндай көйлек ешкімде жоқ, сұлу өзі", "Софи не таңдау керегін біледі", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!