Атырау облысы Жангелдин ауылында қаза тапқан отбасының ісіне қатысты тағы бір дерек белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысы прокуратурасының редакцияға берген жауабына сүйенсек, Жангелдин ауылында болған оқиға бойынша облыстық Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, жәбірленушілердің малын өткізу және мүлкін иемдену дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 188 және 190-баптарымен жеке қылмыстық істер тіркелген.
"Күдікті Ақбаян Мұқанғалиеваға Алматы қаласындағы сот сараптамалары институтында стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалған, қорытындысы дайын емес. Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке жүргізілген сот-психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес ол өз әрекетіне есеп бере алады және тергеу әрекетіне қатысуға қабілетті", - деп жазылған жауапта.
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды:
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.
6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты. Кейін олар да өлі табылды.
Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысы Полиция департаменті жүргізді.
24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні және марқұмдардың кіші қызын Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды.
Кейінірек ІІМ баспасөз қызметі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!