Жангелдин ауылындағы ерлі-зайыптының өліміне кім күдікті екені белгілі болды

Жангелдин ауылындағы ерлі-зайыптының өліміне кім күдікті екені белгілі болды
Фото: Видео кадры

Атырау облысы Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мән-жайды айтты.

"Қылмысқа күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ, өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Атырау облысы ПД өкілі.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түскен.

Атырау облысы ПД

6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр.

"Бұл дерек бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталды. Қазір оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", - деді бұған дейін полиция.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget