Жандос Шаймарданов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Жандос Шаймарданов туралы не белгілі?
1987 жылы 24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында туған. 2009 жылы "Болашақ" стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін Экономика және қаржы мамандығы бойынша бітірген. 2020 жылы Испаниядағы IE университетінде Бизнес-талдау және Big Data магистрі дәрежесін алған.
- Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.
- 2010-2013 жылдары "Самұрық-Қазына" АҚ менеджері.
- 2013-2014 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.
- 2014-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.
- 2016-2019 жылдары "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ департамент директоры, басқарушы директоры.
- 2019-2020 жылдары QazTech Ventures АҚ Басқарма төрағасы.
- 2020-2022 жылдары ҚР Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры.
- 2022-2023 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы.
- 2023 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болды.
- Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова