Ақтөбедегі балабақшалардың бірінде балаларға қоңыз қосылған ботқа берілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдің білім басқармасының мәліметінше, үш адам, оның ішінде балабақша меңгерушісі жұмыстан шығарылған.
"13 қаңтарда Қандыағаш қаласының "Самал" балабақшасында жағымсыз оқиға болды. Таңертең әдеттегідей арпа ботқасын пісірген. Қызметкерлер сынама алып, ештеңе таппаған. Ботқа піскен соң оны ыдыстарға салғаннан кейін жәндіктер табылды. Балаларға ботқа берілмеген. Оқиғадан кейін балабақша меңгерушісі, медбике және аспаз жұмыстан босатылды", - деді Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының м.а. Нұргүл Бертілеуова.
Ақтөбе облысындағы балабақшалардың бірінде балаларға ұсақ жәндіктер араласқан ботқа берілген. Жағдайды ата-аналардың бірі әлеуметтік желіде жариялады.
Кейінірек Ақтөбе облыстық білім басқармасы оқиғаға түсініктеме беріп, балабақшада тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!