- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыдағы ауа райы
Жаңбырдың арты қарға ұласады: Алматы әкімдігі тұрғындарға ескерту жасады
Алматыда көктайғақтың алдын алу үшін шаралар қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласында 14 қарашаға қараған түні таңға дейін жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, ауа температурасы минус 3 градусқа дейін төмендейді деп болжанады.
"Жолда кептеліс болу қаупіне байланысты қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды ұсынамыз. Жауын-шашын кезінде көктайғақ болуы мүмкін, сол себепті автокөлік жүргізушілерінен машинасына қысқы шина салып, жылдамдықты асырмауды, арақашықтықты қатаң сақтауды, ал жаяу жүргіншілерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Көктайғақтың алдын алу мақсатында 160 құмшашқыш техника кезекшілікке дайын болады. 490 арнайы техника және 1,2 мыңға дейін жұмысшы жұмылдырылады. Аудандық әкімдіктерде жұмыс барысын қадағалау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.
"Қазгидрометтің" болжауынша, 13 қараша түн ортасынан таңға дейін аралас жауын-шашын күтіледі. Түнде ауа температурасы +2 градус, күндіз +5…+7 градус шамасында болады. 13 қараша түстен бастап 14 қараша таңға дейін орташа, кейде қатты жауын-шашын, түнде қар жауады деп болжануда. 14 қарашада түнде және күндіз ауа температурасы минус 1-3 градусқа дейін төмендейді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина