Қазгидромет 27 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еліміздің басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайды. Шығыста қатты жаңбыр, солтүстікте жаңбырдың соңы қарға ұласады депген болжам бар.
Қазақстанның батыс аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте, шығыста найзағай, солтүстікте тұман күтіледі.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!