- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңбыр салдарынан Алматы...
Жаңбыр салдарынан Алматы тауларында сел жүрді
Жаңбыр салдарынан Алматы тауларында, Үлкен Алматы өзенінде сел жүрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.
Мекеме қызметкерлері Аюсай шатқалы маңында түсірілген видеоны көрсетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"21 шілдеде қатты жаңбырдың салдарынан Құмбел сел диірменінде сел жүрді, лайлану деңгейі 4-5 балл. Үлкен Алматы және Аюсай гидробекеттерінде лайлану деңгейі 3 балл", - делінген хабарламада.
"Қазселденқорғау" мәліметінше, 21 шілдеде сағат 19.00-де Үлкен Алматыдағы жағдай реттеліп, су деңгейі қалпына түскен.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Кіші және Үлкен Алматы бассейндерінде сел жүруі мүмкін.
Сонымен қатар, "Қазселденқорғау" мәліметінше, 21 шілдеде "Большая Поляна" бекетіне сағат 17.20-да судың бірден көтерілгені туралы хабар түскен. Кешкі 20.30-да Талғар өзенінде судың көлемі 34,2-ге көтерілген. Лайлану 4 балл болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, кеше Алматыда ауа райы күрт өзгерген болатын. Қалада дауыл болып, 7 көлікті ағаш басып қалған еді.
Алматы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында 109-құтқару жасағының қызметкерлері, мердігерлік ұйымдар, аудандық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина