Синоптиктер 14-16 маусым аралығында Абай ауданында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады және ауа температурасы төмендейді деп болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің айтуынша, 14 маусымда солтүстікте, облыстың орталығында найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады, дауыл соғады. Жел солтүстік, солтүстік-шығыста секундына 9-14 метр, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні секундына 23-28 метр болады. Ауа температурасы түнде +8 + 13 градус, облыстың батысында, солтүстігінде +5 градус, күндіз + 20 +20 градус, облыстың солтүстік-батысында + 17 градус.
15 маусымда ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік жел секундына 9-14 метр, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде секундына 17-22 метр. Ауа температурасы түнде +8 + 13 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында + 5 градус, күндіз + 22 + 27 градус.
16 маусымда облыстың солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік жел батысқа қарай 9-14, облыстың солтүстік-батысында секундына 15-20 метрге ауысады. Ауа температурасы түнде +10 + 15 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында +7 градус, күндіз + 24 + 29 градус.
Семейде 14 маусымда бұлт, жаңбыр, найзағай болжанады. Жел солтүстік, солтүстік-шығыс 9-14, екпіні секундына 17-22 метр. Ауа температурасы түнде +10 + 12 градус, күндіз + 20 + 22 градус.
15 маусым жауын-шашынсыз. Солтүстік жел секундына 9-14 метр, екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде +10 + 12 градус, күндіз + 23 + 25 градус.
16 маусым көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +11 + 13 градус, күндіз + 25 + 27 градус.
Успенка ауылында 14 маусымда көшпелі бұлт, түнде жаңбыр, найзағай болады деп болжанады. Жел солтүстік, солтүстік-шығыс 9-14, желдің екпіні 15-20, кейде секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде +9 + 11 градус, күндіз + 20 + 22 градус.
15 маусымда жауын-шашынсыз көшпелі бұлт болады. Солтүстік жел 9-14, екпіні секундына 15-20 метро. Ауа температурасы түнде +10 + 12 градус, күндіз + 23 + 25 градус.
16 маусым: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +10 + 12 градус, күндіз + 26 + 28 градус.
Талица ауылында 14 маусымда: көшпелі бұлт, түнде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде +10+12, күндіз +21+23 градус жылы.
15 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +10+12, күндіз +25+27 градус жылы.
16 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік жел батысқа ауысады, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +10+12 градус, күндіз +27+29 градус.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атап айтқанда, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Жетісу облысында, солтүстікте, Алматының орталығында, Павлодардың солтүстігінде, Қарағандының оңтүстігінде, орталықта Ұлытау, солтүстігінде, Атыраудың шығысында, Қостанайдың оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-шығысында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!