Жаңбыр, қатты ыстық: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 9, 10, 11 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді. Сондықтан ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кейбір жерлерде бұршақ та жаууы мүмкін.

9-11 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте, 11 маусымда оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

Күндізгі ауа температурасы:

  • еліміздің батысында +27...+35 градусқа дейін жоғарылайды;
  • солтүстігінде +17...+28 градусқа дейін төмендейді;
  • солтүстік-шығыста, орталықта аптап беті қайтып, +25...+33 градус болады;
  • оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +27...+35 градус болады;
  • шығыста +32...+39 градусқа дейін көтеріледі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!