Қазгидромет 9, 10, 11 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді. Сондықтан ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кейбір жерлерде бұршақ та жаууы мүмкін.
9-11 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте, 11 маусымда оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.
Күндізгі ауа температурасы:
- еліміздің батысында +27...+35 градусқа дейін жоғарылайды;
- солтүстігінде +17...+28 градусқа дейін төмендейді;
- солтүстік-шығыста, орталықта аптап беті қайтып, +25...+33 градус болады;
- оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +27...+35 градус болады;
- шығыста +32...+39 градусқа дейін көтеріледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова