Синоптиктер 26 сәуірде Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, Қазақстан аумағының оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігіне әлі де оңтүстік циклон әсер етеді және атмосфералық фронттарға байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады. Тек еліміздің батысы мен солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Ұлытау облысының шығысында түнде 2 градус аяз күтіледі", - делінген хабарламада.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, орталықта, шығыста, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!