- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңбыр, қар, найзағай,...
Жаңбыр, қар, найзағай, тұман: 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қазақстанның 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.
Абай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының шығысында жел шығыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Атырау облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.
Шымкентте төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда желдің екпіні 23 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан