Қазгидромет синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 8, 9 және 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана
8 наурызда ауа райы құбылмалы болады, кей уақыттарда жаңбыр мен қар, бұрқасын, көктайғақ болатынын болжайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін, күндіз кей уақытта 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -2-ден 0 градусқа дейін, күндіз 0-ден +2 градусқа дейін болады.
9 наурызда елордада ауа райы құбылмалы, кей уақыттарда қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -6-дан -8 градусқа дейін, күндіз -4-тен -6 градусқа дейін болады.
10 наурызда ауа райы құбылмалы, кей уақыттарда қар, боран болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -15-тен -17 градусқа дейін, күндіз -13-тен -15 градусқа дейін төмендейді.
Алматы
8 наурызда ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0-ден +2 градусқа дейін, күндіз +14-тен +16 градусқа дейін жылынады.
9 наурызда ауа райы құбылмалы, кешке жаңбырды, түнде тұманды болжайды. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +3-тен +5 градусқа дейін, күндіз +13-тен +15 градусқа дейін болады.
10 наурызда ауа райы құбылмалы, кей уақыттарда жаңбыр аралас қар, түнде тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 15-18 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -2-ден 0 градусқа дейін, күндіз +1-ден +3 градусқа дейін болады.
Шымкент
8 наурызда ауа райы құбылмалы, кей уақыттарда жаңбыр, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +4-тен +6 градусқа дейін, күндіз +14-тен +16 градусқа дейін болады.
9 наурызда ауа райы құбылмалы, жаңбыр күтіледі, ол күндіз күшейеді. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде +4-тен +6 градусқа дейін, күндіз +10-нан +12 градусқа дейін болады.
10 наурызда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынды болжайды, түнде жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде -2-ден 0 градусқа дейін, күндіз 0-ден +2 градусқа дейін болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz