- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауа райы бұзылады
Жаңбыр, қар, көктайғақ: синоптиктер елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады
"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, 9 қарашада көп өңірде қолайсыз ауа райы болады. Кей олыста жаңбыр мен қар мол түсіп, көктайғақ болып, тұман түседі, ал кей өңірде екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодарда түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, түнде көктайғақ болады. Қызылордада түнде көктайғақ.
Қостанайда күндіз көктайғақ, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні - 15-20 м/с.
Көкшетауда күндіз бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метрге жетеді. Семейде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Өскеменде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні - 15-18 м/с.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші - 15-20 м/с. Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.
Ұлытау облысының оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Жезқазғанда көктайғақ болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қарағандыда көктайғақ.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні - 15 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні - 23-28 м/с. Павлодарда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Петропавлда күндіз бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні - 18 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан