Синоптиктер 4-6 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, республиканың басым бөлігі атмосфералық фронталь бөліктер ықпалында болады, елдің батысында, солтүстігінде және шығысында қар, ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын күтіледі, оңтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және көктайғақ күтіледі.
"Жауын-шашын жел күшейеді. Елдің батысында түнде ауа температурасы 7-18 градус, күндіз 3-8 градус аязға дейін төмендейді деп болжанған. Елдің солтүстік жартысында, орталығында және шығысында температура фоны өзгеріссіз қалады: түнде 15-26 градус, күндіз 5-13 градус аяз болады. Оңтүстік аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы аз оң мәндерге жетеді, күндіз 2-10 градус жылы болады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!