Алматыда қалың қардың кесірінен қала жолдарындағы кептеліс 11 балға жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кешке қарай алматылықтар үшін толассыз жауған жаңбыр салдарынан көлік қозғалысы қиындады. Орталықтағы көп көше, соның ішінде әл-Фараби, Абай, Райымбек, Рысқұлов даңғылдары, Төле би, Розыбакиев, Сейфулин, Жароков, Әуезов көшелері және тағы басқаларында қозғалыс тоқтап қалғандай.
Жолдарда жеңіл-желпі апаттар көбейіп, жағдай одан әрі ушыққан.
Жүргізушілерге жол тайғақ болуына байланысты қашықтықты сақтап, жылдамдықты азайту керегі туралы ескерту жасалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!