"Қазгидромет" сенбі, 22 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бірнеше өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және дауыл соғады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде 2-7, күндіз 5-10 метр секунд. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы.
Алматы - көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 3-8, күндіз екпіні 11 метр секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.
Шымкент - көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 метр секунд. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13, екпіні 15-20 метр секунд. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні 17 метр секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 29-31 градус жылы.
Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 метр секунд. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 29-31 градус жылы.
Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Тараз - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан соғып, бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр секунд. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 29-31 градус жылы.
Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 5-10 метр секунд. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Атырау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан түнде 2-7, күндіз 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін қатты аптап ыстық болады.
Орал - көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр секунд. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.
Ақтөбе - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 5-10, күндіз екпіні 14 метр секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.
Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 3-8 метр секунд. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы.
Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғып, бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 3-8 метр секунд. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.
Қостанай - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.
Көкшетау - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15 метр секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы.
Петропавл - көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, түнде 5-10, күндіз 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы.
Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел батыстан 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы.
Семей - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 5-10 метр секунд. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.
Өскемен - көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, түнде 4-9, күндіз 7-12, екпіні 15-18 метр секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz