5 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық әрі жылы болады. Ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлердің кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана - көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 27-29 градус жылы.
Алматы - көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 22-24 градус жылы. Іле Алатау тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-8, күндіз 13-18 градус жылы.
Шымкент - көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 29-31 градус жылы.
Ақмола облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 25-30 градус жылы. Көкшетау - көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 5-10, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 26-28 градус жылы.
Алматы облысы - облыстың таулы аудандарында түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың таулы аудандарында 1-6 жылы, күндіз 21-26, облыстың таулы аудандарында 11-16 градус жылы. Қонаев - көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 24-26 градус жылы.
Жетісу облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың орталығында және таулы аудандарында 0-5 жылы, күндіз 22-27, облыстың таулы аудандарында 18 градус жылы. Талдықорған - көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 24-26 градус жылы.
Түркістан облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 метр, күндіз екпіні 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың таулы аудандарында 9 жылы, күндіз 28-33, облыстың таулы аудандарында 24 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 30-32 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-19, күндіз 23-28, облыстың батысында 30 градус жылы. Орал - көшпелі бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 24-26 градус жылы.
Атырау облысы - күндіз облыстың батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың шығысында 14, күндіз 28-33 градус жылы. Атырау - көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз
7-12 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 29-31 градус жылы.
Маңғыстау облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың солтүстігінде 12, күндіз 30-35, облыстың солтүстік-батысында 27 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы.
Ақтөбе облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғып, бағытын оңтүстік-батысқа ауыстыратын желдің жылдамдығы 7-12 метр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстік-шығысында 6, оңтүстігінде 18, күндіз 29-34 градус жылы. Ақтөбе - көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғып, бағытын оңтүстік-батысқа ауыстыратын желдің жылдамдығы 3-8 метр, күндіз екпіні 12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 30-32 градус жылы.
Қостанай облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 27-32 градус жылы. Қостанай - көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 29-31 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 7, күндіз 25-30 градус жылы. Петропавл - көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 5-10, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 26-28 градус жылы.
Павлодар облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 23-28 градус жылы. Павлодар - көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 25-27 градус жылы.
Қарағанды облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғып, бағытын солтүстікке ауыстыратын желдің жылдамдығы 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстігінде 12, күндіз 24-29, облыстың шығысында 21 градус жылы. Қарағанды - көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғып, бағытын солтүстікке ауыстыратын желдің жылдамдығы 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 24-26 градус жылы.
Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғып, бағытын оңтүстік-шығысқа ауыстыратын желдің жылдамдығы 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың шығысында 5, күндіз 24-29, облыстың батысында 32 градус жылы. Жезқазған - көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғып, бағытын оңтүстік-шығысқа ауыстыратын желдің жылдамдығы 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 27-29 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы, таулы аудандарда 2 градус үсік жүреді, күндіз 17-22 градус жылы. Өскемен - ашық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1-6, күндіз секундтына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 20-22 градус жылы.
Абай облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың оңтүстік-батысы мен орталығында екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстігінде 10, күндіз 22-27 градус жылы. Семей - ашық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1-6, күндіз секундтына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 22-24 градус жылы.
Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың шығысында 10, күндіз 28-33 градус жылы. Қызылорда - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы.
Жамбыл облысы - облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында секундтына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың таулы аудандарында 5, күндіз 25-30, таулы аудандарда 22 градус жылы. Тараз - бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 26-28 градус жылы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz