"Қазгидромет" РМК синоптиктері 30 маусым, сондай-ақ 1 және 2 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, Қазақстан аумағында күн күркіреп, жаңбыр жауады.
"1 шілде күні шығыста, 2 шілдеде республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік-батыс антициклонның сілемімен, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі және салқын ауа райы болажанады", - делінген хабарламада.