- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңбыр жауып, жел...
Жаңбыр жауып, жел күшейеді. 23 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото:
Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Синоптиктер 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, Қара теңіз аудандарынан ығысатын циклон, атмосфералық фронттар әсерінен республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауады, тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сондай-ақ, жел күшейіп, батыста, солтүстікте, орталықта найзағай ойнап, шығыста тұман түсіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова