- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңбыр жауып, дауыл...
Жаңбыр жауып, дауыл соғады. Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жарияланды
Синоптиктер 3 тамыздағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болжам бойынша, бүгін орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауып, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін.
Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашын тоқтайды.
Күндіз Қарағанды облысының шығысында, орталығында, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Нұр-Сұлтан қаласында аспанда көшпелі бұлт, жауын-шашын жоқ. Солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ауа температурасы түнде +11+13 градус, күндіз +23+25 градус болады. Алматы қаласында көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +19+21 градус, күндіз +29+31 градус болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, арасында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 8-13, екпіні - секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +18+20 градус, күндіз +31+33 градус болады.
Г. Досымшалова