Жаңбыр жауады: демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 10, 11, 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қар, жаңбыр

Солтүстік-батыс циклонның әсерінен 10 қаңтарда елдің батысында, 11 қаңтарда солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде, 12 қаңтарда елдің шығысында түнде қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз де жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

11 қаңтарда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты қар жауады. 10-12 қаңтарда елдің оңтүстігінде, 12 қаңтарда оңтүстік-шығысында жаңбыр болжанып отыр.

Сондай-ақ, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Ауа температурасы

11 қаңтарда елдің солтүстігі мен орталығында, 12 қаңтарда шығысында күндіз ауа температурасы -3…+3 °C шамасында болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!