Қазгидромет 10, 11, 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қар, жаңбыр
Солтүстік-батыс циклонның әсерінен 10 қаңтарда елдің батысында, 11 қаңтарда солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде, 12 қаңтарда елдің шығысында түнде қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз де жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
11 қаңтарда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты қар жауады. 10-12 қаңтарда елдің оңтүстігінде, 12 қаңтарда оңтүстік-шығысында жаңбыр болжанып отыр.
Сондай-ақ, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Ауа температурасы
11 қаңтарда елдің солтүстігі мен орталығында, 12 қаңтарда шығысында күндіз ауа температурасы -3…+3 °C шамасында болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова