"Қазгидромет" 18 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде қар жауып, көктайғақ болады, оңтүстікте күн жылынады, деп хабарлайды Massaget.kz.
Бүгін Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі.
Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.