Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

2025 жылғы 4-6 қаңтар аралығында Қазақстан бойынша ауа райы қандай болады? "Қазгидромет" болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, ел аумағында ауа райының қарама-қайшылығы күтіледі: жаңбыр, қар жауады және температура төмендейді.

6 қаңтарға қарай ел аумағына суық ауа массасы тарала бастайды, бұл температураның төмендеуіне әкеледі және қар жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтар Оңтүстік-Каспий циклонының фронтал бөліктерінің ықпалында болады, бұл аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

5-6 қаңтарда елдің орталық және шығыс өңірлері жоғары қысымның ықпалында болады, мұнда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі, тұман, жаңбыр мен қар аралас жауын және көктайғақ болжанып отыр.

Ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі:

  • Батыс өңірлерде түнде -12°С-тан -3°С-қа дейін, күндіз -8°С-тан -3°С-қа дейін;
  • Солтүстік-батыста түнде -4°С-тан -15°С-қа дейін, күндіз -2°С-тан -12°С-қа дейін;
  • Солтүстікте түнде және күндіз -2°С-тан -10°С-қа дейін;
  • Орталықта түнде -5°С-тан -13°С-қа дейін, күндіз -0°С-тан -10°С-қа дейін;
  • Шығыста түнде -10°С-тан -25°С-қа дейін, күндіз -5°С-тан -13°С-қа дейін;
  • Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -0°С-тан -10°С-қа дейін, таулы аймақтарда -13°С-тан -20°С-қа дейін, күндіз -3°С-тан +8°С-қа дейін, таулы аймақтарда -3°С-тан -8°С-қа дейін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан