- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңбыр және бұршақ:...
Жаңбыр және бұршақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото:
elements.envato.com
Синоптиктер Қазақстанда 25-27 шілде аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.
Болжам бойынша, алдағы күндері атмосфералық бөліктерге байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Сондай-ақ, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.
"27 шілдеде облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыс антициклон сілеміне байланысты 25-26 шілдеде оңтүстікте, 27 шілдеде елдің батыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан