Жаңбыр аралас қар мен көктайғақ: бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 6 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оңтүстікте таңертең кей жерлерде жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын болуы мүмкін, батыста бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыс пен солтүстікте қар жауып, көктайғақ күтіледі.

Астана - көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауып, тұман түседі, көктайғақ. Ауа температурасы түнде –2...–4 °C, күндіз 0...+2 °C.

Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0...+2 °C, күндіз +6...+8 °C.

Шымкент - түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0...+2 °C, күндіз –8...–10 °C аяз.

Түркістан - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0...+2 °C, күндіз +7...+9 °C.

Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде –1...–3 °C, күндіз +5...+7 °C.

Талдықорған - көшпелі бұлтты, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Ауа температурасы түнде –0...–2 °C, күндіз +5...+7 °C.

Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман түседі. Ауа температурасы түнде –4...–6 °C, күндіз +3...+5 °C.

Тараз - көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0...+2 °C, күндіз +8...+10 °C.

Ақтау - көшпелі бұлтты, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0...+2 °C, күндіз +4...+6 °C.

Атырау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0...+2 °C, күндіз +3...+5 °C.

Орал - бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман түседі. Ауа температурасы түнде –0...–2 °C, күндіз 0...+2 °C.

Ақтөбе - бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде –3...–5 °C, күндіз –1...–3 °C.

Қарағанды - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең қар жауады, көктайғақ, кей уақытта тұман түседі. Ауа температурасы түнде –2...–4 °C, күндіз шамамен 0 °C.

Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман түседі. Ауа температурасы түнде –6...–8 °C, күндіз 0...+2 °C.

Қостанай - бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде және күндіз –1...–3 °C.

Көкшетау - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Ауа температурасы түнде –2...–4 °C, күндіз шамамен 0 °C.

Петропавл - көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Ауа температурасы түнде –4...–6 °C, күндіз –1...–3 °C.

Павлодар - көшпелі бұлтты, күндіз қар жауады. Ауа температурасы түнде –7...–9 °C, күндіз –2...–4 °C.

Семей - бұлтты, түнде қар жауады, көктайғақ. Ауа температурасы түнде –6...–8 °C, күндіз –0...–2 °C.

Өскемен - бұлтты, түнде және таңертең қар, көктайғақ. Ауа температурасы түнде –4...–6 °C, күндіз –1...–3 °C.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!