- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жанболат Мамайға қатысты...
Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты
Алматыда Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, ол 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Алматы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Мамайды құқықбұзушылық жасады деп айыптау іс қаралды: билік өкілдерін қызметтік міндеттерін пайдалану кезінде қорлау, көрінеу жалған ақпарат тарату және жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру (378-бап 2-бөлігі, 274-бап 2-бөлігі 3-тармақ, 272-бап 1-бөлігі).
Сот үкім шығару кезінде сотталушының оң қасиеттерін және асырауында үш кішкентай баланың болуын ескерді. Ешқандай ауырлататын мән-жай анықталмады. Мамай кінәлі деп танылды.
"Бұл ретте билік өкілдерін қорлағаны үшін - ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты өндіріс тоқтатылды. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны және ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабы негізінде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды - шартты түрде, әлеуметтік желілерде қоғамдық-саяси қызметпен және публицистикалық қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға айыра отырып. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады Алматы соты.
Белсенді Жанболат Мамай 2022 жылғы наурызда қамауға алынған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек