Саясаткер, қоғам белсендісі Жанболат Мамайдың әйелі, журналист Инга Иманбай Алматы метросында полиция ұстағанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын.
"Шұғыл! Мені полиция ұстады! Не үшін екенін түсіндірмейді!", - деп жазды ол.
Араға біраз уақыт салып журналист тағы мәлімдеме жасады.
"Полиция мені жіберді! Басқа адаммен шатастырдық дейді! Кім сенеді?!", - деп жазды журналист.
Полиция қызметкерінен не үшін ұстағанын сұрағанда "Бетіңіз басқа адаммен сәйкес келмей қалды. Қазір бәрін реттедік. Сондықтан сізден кешірім сұраймыз," - деп жауап берген.
Еске салайық, былтыр саясаткер Жанболат Мамайға қатысты сот үкімі шығып, ол 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!