Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) жекпе-жек өткізетін күні белгіленді. Бұл туралы боксшының өзі жазды, - деп хабарлайды massaget.kz.
Жәнібек жекпе-жек күні белгіленгенін айтып, қай уақытта болатынын жұмбақ күйінде қалдырды.
"Келесі жекпе-жек күні белгіленді. Жақында кездесеміз, достар!" - деп жазды.
Qsport.kz инста арнасының ақпараты бойынша Жәнібектің жекпе-жегі 5 сәуір күні Астанада өтуі мүмкін. Қазіргі таңда бокс кеші жайлы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қарсыласы жуық арада анықталатын болады.
Айта кетейік, Жәнібек биыл күзге дейін үш бірдей чемпиондық атақтың басын біріктіргісі келеді.