- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жәнібек Әлімханұлы Қазақстанда...
Жәнібек Әлімханұлы Қазақстанда өнер көрсете ме?
Фото:
instagram.com/janibek_alimkhanuly/zhankoshturarov
IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Қазақстанда өнер көрсетуі мүмкін. Бұл туралы танымал спортшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлімханұлы мұның алдында аралас жекпе-жек жұлдызы Шавкат Рахмоновпен (18-0) бірге түскен суретін жариялап, кейін Тұраровпен жолыққан.
"Жәнібек бауырым екеуіміз бірігіп, елде үлкен бокс кешін ұйымдастырсақ, қалай қарайсыздар?", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жанкүйерлерге бұл идея ұнап қалған сияқты, ал кейбірі боксшыларға жекпе-жекті АҚШ-та өткізуге кеңес берді, өйткені Қазақстанға жоғары қарсыласты әкелу қиын болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан