Менеджер әрі инсайдер Рик Глейзер қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) WBO толыққанды чемпионы болғанын жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) титулдан бас тартқан болатын.
"Twitter-де бірнеше ай бұрын жазғанымдай, Деметриус Андраде ешқашан да Жәнібек Әлімханұлымен шығуға батылы бармайды, ал енді Андраде 160 фунтта WBO World титулынан бас тартыпты. Оған тіпті қынжылған да жоқ.
Уақытша чемпион болған Жәнібек Әлімханұлы енді толыққанды әлем чемпионы", - деп жазды инсайдер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!