- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жаназаның дастарханынан пакет...
"Жаназаның дастарханынан пакет алып, сыпыртқы болып, сыпырып кетеміз". Ырысбала Икрамбай дастарханда түк қалдырмайтындарды сынады
Танымал блогер Ырысбала Икрамбай жаназада, тойда дастарханнан түк қалдырмайтындарды сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-дағы Stories-інде бөлісті.
"Біз неге тек тамақтың құлы болып бара жатырмыз. Той былай тұрсын, өлімнің, жаназаның дастарханынан пакет алып келіп, сыпырып алып кетеміз, сыпыртқы болып. Онымен ары кетсе 2 рет шай ішерсің. Жаназаға ешкім дайындалып отырмайды, үйін жинап, жоғын түгелдеп. Ол жаназаға да алыс-жақыннан жеті күндік асы, қырық күндік асына дейін адамдар көңіл айтып келеді. Ол адамдардың да алдына бірнәрсе қою керек шығар. Жаназаға келіп, ең құрығанда, ақтық соңғы сапарда өмірден өткен адамның жақсы қасиеттерін айтып, Құран бағыштап, дұға жасап отыруға болмай ма? Ары кетсе 2-3 сағат қой. Талтайып тұрып алып темекі шегіп, палау жеп, артынан көк шай сұрап, қатындар өткен-кеткен тойды айтып, ол тойға қанша теңгелік көйлек кигенін айтып, жыртың-жыртың етіп. Сынайтындарың бар, қайғыны ортақтаса алмайтындарың бар, үйлеріңдерде отырыңдаршы, сендер келмеді деп марқұмды жер қабылдамай қоймас", - деп жазған ол.
Сондай-ақ ол қазіргі той мәдениетіне де тоқталды.
"Әсіресе, оңтүстік жақ, тойға келесіңдер, тілектеріңді айтасыңдар, сенің тойыңа қанша ақша әкелді соны той конвертке салып бересіңдер, сосын неге кетіп қаласыңдар? Сол абырой ма, әлже менсінбеушілік па? Қандай әлемнің мәселесі шешілмей жатыр сенсіз? Біреудің шашылып, айлап, апталап дайындалған, армандап жасаған тойының тойханасының тең жартысын бос қылып. Той - біреудің қызығы, сол қызықты сағат он екіге дейін бірге отырып тамашалауға, ортақтасуға болмай ма? Достар, көршілер тілекке шыққанда тойханада адам қалмайды ғой, шіркін, даяшылардан басқа. Сосын неге бізде төрде отырған үстелдер тойдың ортасына келгенде бос тұрады, салып алған тамақтарын пакетпен алдына қойып алғандарды көргенде адамдардың санасыздығынан ішім күйеді. Той иесін сынап келетін, сыйлап келетін адамдары болады, жаңа құдалар болады. Көз түспейді емес, түседі, әңгіме болмайды емес, болады. Дастархан жұпыны болды-ау, тойдың ортасында біраз үстелде тамақ қалмады деп. Дастарханға қайта ас қойғызу - қып-қызыл ақша. "Жұғысты болсын деп аламыз" дейді, дұрыс, ал. Айналайын, той біткесін алшы. Сенің үйіңдегі той сол дастарханнан тамақ әкелмесең болмай қалмаса да. Баланың несібесі даладан емес, өз үйіңнің адал ақшасына келген дастарханнан болуы керек шығар. Біз, баламыз, дәметеміз, әкеміз анамызға ештеңе әкелтпейтін үйге, солай біз үйреніп, күтпейтін болдық және ештеңе алмаймыз", - деп жазған блогер.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек