- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жанайқайымыз шығатын сияқты"....
"Жанайқайымыз шығатын сияқты". Ләйлә Сұлтанқызы Бишімбаевтың сотына қатысты
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жүйкемізді тоздырды… Кешегі сотты көрмеген, "Құдай сақтасын" деп жағасын ұстамаған, өзара талқыламаған саналы ересек адам қалмаған шығар бұл елде… Ішкен-жегеніңді асқазан 3-4 сағатта қорытса, ал бұл істі миымыз сағаттап тұрмақ, күндеп, апталап, айлап қабылдай да, түсінбей де, "қорыта" да алмай келе жатыр.
Пачақ-пачағын шығарып, толып тұрған дәлелмен екі отырыста-ақ қылмыскер қатаң жазасын алып, сотталатынына сенгендер қатарында мен де бар едім. 4 айдан асты, біз небір сорақылық, небір заңсыздыққа жол берілгенін (Заңгер емеспін, жеке ойым) көріп отырмыз. Алла сабыр бере көр.
Қылмыскер біз ойлағандай жазасын алмайтын болса, міне сол кезде жүйкеміз қатты сыр беріп, бар жанайқайымыз шығатын сияқты… Байқайсыздар ма, заң бойынша салқынқандылық, бейтараптық танытып, соттың әділ, соңғы шешімді күтудің өзі қиынға соғып барады… Қыз тағдыры ойыншық емес!" - деп жазған ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек