Танымал әнші Медеу Арынбаев марқұм жұбайын еске алды. Бұл туралы ол "Динамен дұрыс" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі жұбайының ауырған кезі туралы әңгімеледі.
"Оны түсінбей қалдым (өліміне не себеп болғанын - еск.). Өзіміз де шок болдық. Қан қысымы төмен еді. 10 жылы (2010 - еск.), желтоқсанның басы. Соның алдында өзімді әлі кешірмеймін. Студиядан мәз болып, үйге қарным ашып келсем, ештеңе дайын емес. Сол кезде эмоцияға салып, айқайлап қойғаным бар шығар. "Қазір ғана жұмыстан келдім" дейді. Жұмысы сол - оркестр. Отағасы ретінде қатты сөйлеп қойғаным бар. Сол кезде аздап бір-екі көзінен жас шыққаны бар. Кейін құшақтап, басу айтқанмын. ...Студияға барып, сегізде үйге кіріп келе жатырмын. Екеуі абыр-дабыр. Мамамыз үйде ас дайындап жатып, еңкейіп қалады, сол кезде басы айналып құлапты. Жетелеп барып төсекке жатқызып, қарасам, қатты жан айқайы басталып жатқаны есімде. Жедел жәрдем келді. Бес күннен кейін ісіне бастады, алтыншы күні дүние салып кетті", - деді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!