Биыл шілдеде Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы 13 көшеде 47 үй, бір әлеуметтік нысан және 400 аула су астында қалды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл шілдеде Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы 13 көшеде 47 үй, бір әлеуметтік нысан және 400 аула су астында қалды.
Журналистердің бірі облыс әкімінен "тұрғындарға келтірілген шығын толық өтелді ме?" деген сұрақ қойды.
"Биыл 7 шілдеде Жаңатаста 400 аула су астында қалған еді. 56 үйге материалдық тұрғыда зиян келтірілді. Арнайы комиссия құрылып, облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазір 56 үйдің 53-іне жөндеу жүргізілді. 3 үй жөндеуге келмейтіні белгілі болды. 2 үй иесімен келісімге келіп, баспана сатып алынды, 1 үй қайта тұрғызылды. Себебі анықталды. Арықтар қайта қалыпқа келтірілді. Жұмыс жалғасып жатыр. Мониторинг жүргізіліп, дамбы тұрғызылады. Барлығы қалыпқа келді", - деді ол.
Еске салайық, 7 шілде күні сағат 17:20-да Сарысу ауданында нөсер жауынның салдарынан Жаңатас қаласының 13 көшесінде 47 тұрғын үйді, бір әлеуметтік нысанды және 400 ауланы су басқан еді.
Сондай-ақ Жаңатас - Саудакент аудандық маңызы бар тасжолды да су шайып, жол жабылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!