- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жанат Элиманов қайтадан...
Жанат Элиманов қайтадан ҚМА басшысы болды
Жанат Элиманов қайтадан ҚМА басшысы болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Жанат Қалдыбекұлы 1978 жылғы 16 тамызда Қарағанды қаласында туған.
Білімі жоғары, 1999 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2000 жылы – Қарағанды қаласы прокуратурасының соттық қаулылар және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімі прокурорының міндетін атқарушы.
2000 жылы – Қарағанды қаласы прокуратурасының соттық қаулылар және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры.
2000-2001 жылдары – Қарағанды қаласы Совет ауданы прокурорының көмекшісі.
2001 жылы – Қарағанды облысы прокуратурасы шаруашылық істері бойынша соттық қаулылар және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау тобының прокуроры.
2001-2002 жылдары – Қарағанды облысы прокуратурасы азаматтық істері бойынша соттық қаулыларды орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры.
2002-2003 жылдары – Қарағанды облысы прокуратурасы мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша басқармасының прокуроры.
2003-2004 жылдары – Қарағанды облысы прокуратурасы мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша басқармасының аға прокуроры.
2004 жылы – Астана қаласы, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы;
2004-2007 жылдары – Астана қаласы, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша басқарма басшысының орынбасары.
2007-2009 жылдары – Бас прокурордың ерекше тапсырмаларын орындау жөніндегі аға көмекшісі.
2009 жылы – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі.
2009-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi төрағасының орынбасары.
2012 жылы – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ақпараттық-сараптамалық департаментінің басшысы.
20012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің басшысы.
2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жедел іздеу қызметі департаментінің директоры.
2017 жылы – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық қорғау департаменті басшысының орынбасары - Құқықтық қорғау департаментінің экономика саласында заңдылықты қадағалау басқармасының басшысы:
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қарамағында;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүддені қорғау департаменті бастшысының орынбасары - Қоғамдық мүддені қорғау департаментінің (үшінші қызмет) экономика саласында заңдылықты қадағалау бойынша басқармасының басшысы.
2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қоғамдық мүддені қорғау қызметі бастшысының орынбасары - Қоғамдық мүддені қорғау қызметінің экономика саласында заңдылықты қадағалау басқармасының басшысы.
2019 жылы – Қарағанды облысы прокурорының орынбасары.
2019 жылғы 22 сәуірден 2020 жылғы 27 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары.
2020 жылғы 28 қаңтардан 2021 жылғы 28 қаңтарға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина