Жанартауда Айға ұшуға арналған аппараттар сынақтан өтіп жатыр

Жанартауда Айға ұшуға арналған аппараттар сынақтан өтіп жатыр
Фото: cnsa.gov.cn

АҚШ пен Еуропа ғарыш агенттіктері Италияның Этна жанартауында Айда жүретін ғарыш аппараттарын сынауды бастады, - деп хабарлайды "Хабар24".

Шара 2600 метр биікте, 500 шаршы метр аумақта өтіп жатыр. Этна жанартауы Ай бедеріне ұқсас болғандықтан таңдап алынған. Шараның мақсаты алдағы жылдары аспан денесіне аттандырылатын жетілдірілген роверлерді сынап тексеру. Олар ғалымдарға Ай бедерін Жерден тиімді зерттеуге мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

"Бұл біздің аппараттарымызды Айдағы ауа райына ұқсас ауданда алғаш зерттеуіміздің бірі. Шаралар да аспан денесіндегі жағдай ескеріліп, күрделі етіп құрылған. Бұл сынақтар жаңа технологиямызды одан әрі жетілдіруге көмектеседі деп үміттенеміз", - дейді Еуропалық ғарыш агенттігінің өкілі Томас Крюгер.

С. Сатыбалдина