Жанармайға қатысты ахуал: Қазақстан шекарадағы бақылауды күшейтпек

Жанармайға қатысты ахуал: Қазақстан шекарадағы бақылауды күшейтпек
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Үкіметте жанар-жағармай нарығындағы жағдай талқыланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Энергетика, Қаржы, Ішкі істер министрліктері, Қаржы мониторингі агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өкілдерімен бірге жанар-жағармай нарығындағы жағдай бойынша кеңес өткізді.

Күн тәртібінде ішкі нарықты жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз ету, шекара маңындағы өңірлердегі мұнай өнімдері айналымына бақылауды күшейту мәселелері қаралды.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, нарықтағы жағдай тұрақты, отын қоры жеткілікті.

Жиын соңында премьер-министрдің бірінші орынбасары жауапты мемлекеттік органдарға мұнай өнімдерінің заңсыз ағынына жол бермеу, мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту бойынша егжей-тегжейлі жоспар әзірлеуді тапсырды.

"Бағадағы алшақтық пен логистика тапшылық пайда болуына әкеп соқпауы керек. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында", - деді Роман Скляр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget