- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жанармай багына жиналып...
Жанармай багына жиналып қалатын судан қалай құтылуға болады?
Әдетте күз не қыс басталса, ылғылдың әсерінен көліктің кез келген бөлігі терлеп, су тамшылары жиналып тұрады. Жиналған су көлікке бірқатар зиян тигізуі мүмкін. Мысалы, жанармай багына жиналған су көлік майымен араласпай, салдарынан түбіне түсіп, жиналып, қатып қалады. Оны еріту үшін кейбір жүргізушілер спирт немесе арақ қолданатын көрінеді. Мұзды ерітуге алкоголь шынымен көмектесе ме? Көлік сарапшысы Ануар Сапиев жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жанармай багының ішкі беті үлкен. Жоғарыдан ол кабинаның едені арқылы қызады, ал төменгі бөлігі кіретін ауа ағындарының астында салқындатылады. Бұл ылғалдың конденсациясы үшін өте қолайлы жағдай. Түнде жанармай багының ішкі бетінің қабырғасында 20-30 гр су жиналып қалады.
Су тамшылары бензинге қарағанда ауыр. Су жанармаймен араласпайтындықтан, үлкен линза жиналатын бактың түбіне түседі. Қазан-қарашадағы суықтан кейін резервуарда бір литрге дейін су жиналып, сорғының аузына жақын жерде жатады. Алғашқы аязда су осы сорғымен тор арқылы өтіп, ауа температурасы төмендеген кезде тығынға жабысып, жанармайдың айналымына тосқауыл болады. Нәтижесінде қозғалтқыш жұмысын тоқтатады.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, кейбір жүргізушілер бұл мәселені шешу үшін арнайы құралды емес, спирт немесе алкогольді қолданатын көрінеді. Оның жанармай жүйесінің бөлшектеріне қаупі жоқ, бейтарап зат. Дегенмен, таза спирт сатып алу қиынырақ, сондықтан қарапайым арақты да пайданалануға болады. Спирт немесе арақ суды жақсы ерітеді. Спирт не арақ суды ерітіп, жанғыш қоспаға айналады, ол қозғалтқышқа еніп, цилиндрде қуат блогына зиян келтірмей күйіп кетеді. Спирт немесе арақ әсер етуі үшін жанармайдың толық багына дейін шамамен бір литр құю керек.
Бұл қаншалық пайдалы әдіс екенін анықтау үшін тілші "Автоэксперт_Астана.кз" мекемесінің маманы Ануар Сапиевтен сұрады. Оның айтуынша, бұл қазір қолданыста емес, нәтижесіз әдіс, оған қоса қымбатқа түседі.
"Мұндай әдіс қазір қолданылады деп ойламаймын. Өйткені, бұл арзан әдіс емес. Спирттің құрамы судың құрамымен бірдей. Оның суды итеріп, бөлек шығаратын күші жоқ. Мысалы, қарапайым көлік майын құйсаңыз, ол суды итеріп бетіне шығарар еді. Бірақ спирт олай жасай алмайды.
Сонымен қатар, көліктің жанармай багы 70 литр деп есептейтін болсақ, оны бензинмен толтырды деп санағанның өзінде судың қатынасы үшін оған қанша литр спирт не арақ құю керек. Бұл мүлде арзан әдіс емес", - дейді Ануар Сапиев.
Ануар Сапиев бұл әдісті дұрыс деп санамайтынын да айтты.
"Жалпы, менің ойымша, зауытта жасалмаған нәрсе сыртта жасалса, ол ешқашан жақсы болмайды. Яғни, зауытта спирт не басқа зат қосып жасамаса, онда ол дұрыс емес", - деді маман.
Еске салайық, бұған дейін беріліс қорабының тез бұзылуына әкелетін жүргізушінің 5 қателігін жазған едік.
Тағы да оқи отырыңыздар: Әлемдегі ең қымбат сағат қанша тұрады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә