- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңарған ақпарат: Қостанай...
Жаңарған ақпарат: Қостанай облысында қанша үй өртенгені айтылды
Қостанай облысындағы табиғи өрт бойынша 5 қыркүйек сағат 13.00-дегі жедел ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ТЖМ жедел штабына сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіру орман аймағының 5 учаскесінде (Аманқарағай, Лесное, Озерное, бағаналы және Калинино ауылдары ауданында) жүргізіледі, жиегінің жалпы ұзындығы - 5 шақырым. Барлығы 91 тұрғын үй зардап шеккен. Оның ішінде Аманқарағай ауылында 85 және Озерный ауылында 6 үй.
Кейінгі деректер бойынша 10 адам (5 адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған адам, орман шаруашылығының 1 қызметкері, әкімдіктің 1 қызметкері, ТЖМ 3 қызметкері) жарақат алған, оның ішінде күйік шалғандар, жеңіл және орташа дәреже уланғандар бар. Сонымен қатар, 1935 жылғы туған бір адам қаза тапты.
Су құю құрылғылары үшін тікұшақтар табиғи су қоймасынан 25 шақырым қашықтан су алады. Өрт сөндіру жұмыстары басталған бері әуеден 109 рет су шашылған.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша 5 қыркүйекте Қостанай облысы Әулиекөл ауданының аумағында жоғары температура 31 градусқа дейін сақталады, жел жылдамдығы секундына 7 метрге дейін жетеді.
Ал 4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асқан еді, орман шаруашылығының жалпы ауданы - 107 257 гектар.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Озерное ауылынан (250 адам), Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинино ауылынан (228 адам) және Лесное ауылынан (363 адам) барлығы 1841 адам эвакуацияланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова