- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жанар-жағармай бағасы бір...
Жанар-жағармай бағасы бір жылда 3 пайызға өскен - статистика
2022 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша жанар-жағармай бағасы бір айда 0,3 пайызға, ал бір жылда 2,5 пайызға өсті, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
Ақтөбе облысында ай сайын баға айтарлықтай өскен, яғни 6,1 пайызға. Одан кейін Маңғыстау (0,7 пайызға), Атырау және Қостанай (0,3 пайызға) облыстары тұр. Тоғыз өңірде баға өткен айдағы деңгейінде қалған. Ал Жетісу, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында жанар-жағармай құны төмендеген.
Жылдық динамикада Шығыс Қазақстан облысында жанармай бағасы бірден 7,7 пайызға өскен. Антилидерлер үштігіне Ақтөбе (7,5 пайызға) және Қостанай (7,3 пайызға) облыстары да енген. Алматы облысында баға былтырғы деңгейінде қалған. Жамбыл, Ұлытау және Түркістан облыстарында, сондай-ақ, Шымкентте аздап арзандаған.
Отын түрлері бойынша бензин бір жылда 0,3 пайызға арзандады. Соның ішінде АИ-92 бензинінің бағасы 0,7 пайызға төмендесе, АИ-98 0,7 пайызға, АИ-95/АИ-96 1,8 пайызға қымбаттады. Дизель отынының бағасы бір жылда бірден 14,2 пайызға өсті.
Былтыр желтоқсанда бөлшек саудадағы АИ-92 бағасы литріне 179 теңге болса, АИ-95/АИ-96 бағасы 212 теңге болған, ал АИ-98 234 теңге болған. Бір литр жазғы дизель отыны орташа есеппен 238 теңге болса, қысқы отын 586 теңге болған.
2022 жылғы 1 қарашада елімізде 4,4 миллион жеңіл автокөлік болған. Былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 15,7 пайызға өскен.
Ең көп көлік Алматы облысында тіркелген, яғни 541,5 мың. Одан кейін Алматы (514,9 мың көлік) және Шығыс Қазақстан облысы (322,9 мың көлік) тұр. Көліктердің басым бөлігі, яғни 3,7 миллионы бензинмен жүрген.
325,2 мың көлікте дизель, 313,9 мың көлікте аралас отын (бензин, газ баллоны және электр), 9,9 мың көлікте газ баллоны, 577 көлікте электр отыны пайдаланылған. Ал 80 мың жеңіл көлікті тіркеу кезінде пайдаланылатын отын түрі көрсетілмеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова