- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жанар Дұғалованың той...
Жанар Дұғалованың той көйлегі қанша тұрады? Анықтап көрдік
Танымал әнші, актриса Жанар Дұғалованың той көйлегі қанша тұратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі той көйлегін Instagram-парақшасында көрсетті. Ол парақшасында ақ көйлек киген 10 суретін бөлісіп, көйлекті сыйға тартқан дүкенге алғысын білдірді.
Той көйлектерін сататын салон сайтында бұл SOPHIA көйлегі 2023 жылғы топтамадан екені, бағасы 620 мың теңге екені жазылған.
Желі қолданушылары әншінің сұлулығына тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.
"Көйлегіңіз әдемі екен", "Ашық-шашық емес, дұрыс көйлек таңдапты", "Қазақ қыздары шеттерінен сұлу ғой", "Эх, менің махаббатым едіңіз, бақытты болыңыз", "Алла сұлулықты аямай берген жансыз ғой. Бақытты болыңыз","Суреттеуге сөз жетпейтін сұлулық. Жастардың өмірі бақытқа толы болсын", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек