Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы, актриса Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісінің үйленуге жасаған ұсынысын қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы олар әлеуметтік желіде бөлісті.
Айжұлдыз Адайбекованың болашақ жары экстрим-блогер Сәкен Қағаров. Ол ұсынысты Исландиядағы сарқыраманың жанында жасаған. Ал ерекше сәттің кадрлары оқырмандарды сүйсінтті.
"Ол "иә" деп жауап берді", - деп жазды Сәкен Қағаров жазбаның астына.
Желі қолданушылары жұпты қуанышты жаңалығымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды. Тілек білдірген танымал тұлғалардың тізімінде Мадина Сәдуақасова, Мөлдір Әуелбекова, Yenlik, Наzима, Индира Еділбаева, Аша Матай, актерлер Санжар Мәди, Әсел Сағатова, Дина Тасболатова мен Гүлназ Жоланова, интервьюер Айсәуле Бақытбек пен жүргізуші Анна Данченко сынды жандар да табылды.
Еске салайық, Айжұлдыз Адайбекова - бұған дейін блогер-мобилограф Қыран Талапбекпен отбасын құрған еді. Олардың Назар есімді ұлдары бар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!